Астанадағы 3-ші ЖЭО-ның құрылысына инвестиция тарту үшін қаладағы осындай екі орталықты кепілдікке қою қажет болып отыр

АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астана әкімдігінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Астана қаласының жаңа орталығындағы құрылыстың барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында
None
None
елордадағы 3-ші Жылу электр орталығының (ЖЭО) құрылысына инвестиция тарту мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. И. Тасмағамбетовтың айтуынша, 3-ші ЖЭО-ның құрылысын бастапқыда концессиялық негізде, мемлекет пен жекеменшік серіктестігі негізінде салу көзделген. Алайда кейіннен бұл тетіктердің барлығынан бас тартылған. Қазір әкімдік тиісті келісімшартқа қол қою үшін жалғыз инвестормен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл жерде шешуді қажет ететін жалғыз мәселе бар, ол - «Астанаэнергосервис» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін сенімді басқаруға беру және ЖЭО-3 құрылысына инвестиция тарту үшін 1-ші ЖЭО және 2-ші ЖЭО кепілдікке қою. Дейтұрғанмен, И. Тасмағамбетов бұл жобаны жүзеге асыруда үлкен тәуекелдер барын атап өтті. «Егер инвестор міндеттемесін орындалмайтын болса, онда 1-ші ЖЭО және 2-ш ЖЭО муниципалдықтан жекеменшікке өтіп кетуі мүмкін», - деді ол. Қала әкімі бұл мәселені не үшін мемлекеттік комиссияның отырысына шығарғандарын түсіндіріп берді. «Істің мән-жайы мынада. Әкімдік сәуір айында жариялап, мамырдың 18-де өткізген «Астанаэнергосервис» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін сенімді басқаруға беру және 3-ші ЖЭО-ның құрылысына инвестиция тарту жөніндегі конкурсқа бір ғана әлеуетті инвестордан басқа ешкім қатыспады. Іс жүзінде жобаны жүзеге асыруға құлық танытып отырған бір ғана инвестор бар», - деді ол. И. Тасмағамбетов осы тұста тағы бір мәселеге тоқталып өтті. Оның айтуынша, 3-ші ЖЭО-ның құрылысын аяқтауға қажетті инвестицияны толығымен тарту үшін 1-ші ЖЭО және 2-ш ЖЭО-ны кепілдікке қою жеткіліксіз. Сондықтан, инвестор кепілге бұл мүліктерге қоса өздерінің жекеменшік мүліктерін қоюға ниетті. Мән-жайға қанық болған Премьер-Министр Қаржы министрі Болат Жәмішевке бұл мәселені пысықтауға бір апта мерзім берді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум