Астанадағы №48 мектеп-лицейінде Ұлы жеңістің 65 жылдығына арналған «Отты жылдар шежіресі» атты дөңгелек үстел өтті

СТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Ризабек Нүсіпбекұлы/ - Кеше Астанадағы №48 мектеп-лицейінде Ұлы жеңістің 65 жылдығына арналған «Отты жылдар шежіресі» атты дөңгелек үстел өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пікір алмасу негізінде өткен дөңгелек үстелге мектеп-лицейінің оқытушылары мен оқушылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында II дүниежүзілік соғысқа КСРО-ның дайындығы, соғыс қарсаңында Сталиннің офицерлік құрамды қудалауы, соғыс қарсаңындағы сыртқы барлау туралы болжам және күмән, қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен ерен еңбегі туралы және бұрмаланған тарих немесе ашылмаған ақтаңдақтар жайында, астаналық соғыс ардагерлері туралы құнды пікірлер ортаға салынып, талқыланды.

«Кешегі ащы тарихты көз алдымызға әкеліп, батыр бабаларымыздың жеңіс жолындағы жасаған ерліктерін бүгінгі ұрпаққа насихаттау біздің борышымыз», - дейді кешті ұйымдастырушы №48 мектеп-лицейінің қоғамдық пәндер бірлестігінің оқытушысы Әуелбек Тоқтағазыұлы.

Соңғы жаңалықтар