Астанадағы №54 мектеп-лицейіне ғалым А.Сейдімбектің есімі беріледі

АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Жақын арада Астанадағы №54 мектеп-лицейге белгілі ғалым, этнограф-жазушы Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің есімі беріледі. Бұл туралы бүгін ғалымның атындағы мұражайдың ашылу рәсімінде осы мектептің директоры Ұмсын Нұржігітқызы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанадағы №54 мектеп-лицейіне ғалым А.Сейдімбектің есімі беріледі

«Бүгінде елімізге белгілі ғалым, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің есімін Астанадағы №54 мектеп-лицейге беру жөніндегі қалалық мәслихаттың шешімі бар. Енді, осыған байланысты арнайы қаулы шыққаннан кейін, біздің мектебімізге Ақселеу ағамыздың аты беріледі», - дейді Ұ.Нұржігітқызы. Мектеп директоры атап көрсеткендей, А.Сейдімбек атындағы мемориалдық мұражайдың ашылуы осы игі істің бір бастамасы ғана.