Астанадағы «7 бочек» тұрғын үй кешенінен өрт шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорданың сол жағалауындағы «7 бочек» тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанадағы «7 бочек» тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратты растады.

«Бүгін сағат 13:34-те Сығанақ көшесі, 20 мекенжайындағы үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер келгенде 16-қабаттың сыртқы бөлігі өртеніп жатқаны анықталды. Сағат 14:08-де өрт толық сөндірілді», - деп жауап берді Төтенше жағдайлар депаратментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тілсіз жауды сөндіруге 25 адам және 5 техника жұмылдырылды.