Астанадағы «Әбу-Даби Плаза» кешені қашан ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов e.gov.kz порталындағы интернет-конференцияда қала тұрғындарының көкейкесті сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Астанадағы «Әбу-Даби Плаза» кешені қашан ашылады

Форум қатысушылары әкімнен «Әбу-Даби Плаза» көпфункциялы кешені құрылысының қашан аяқталатынын сұрады.

«Сауда орталығы 2019 жылдың 30 қазанында, қонақ үй кешені - 2019 жылдың 30 желтоқсанында және тұрғын үй кешені - 2020 жылдың 30 қаңтарында пайдалануға беріледі. Оған дейін №1 кеңселік ғимарат та ашылады. Ал №2 кеңсе 2020 жылдың 30 сәуірінде, сервистік апартменттер - 2020 жылдың 28 ақпанында ашу жоспарланған», - делінген әкім жауабында.

Биік көпфункциялы кешен - 2020 жылдың 30 маусымынан бастап келушілерді қабылдай алады.