Астанадағы «Әбу-Даби Плаза» кешеніндегі өрт жойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Абу-Даби Плаза» кешеніндегі өрт сағат 10:44 жойылды. Соңғы деректерге сәйкес, құтқарушылар құрылыс нысанының 150 жұмысшысын қауіпсіз жерге шығарды.

 Астанадағы «Әбу-Даби Плаза» кешеніндегі өрт жойылды

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Еске сала кетейік, 2016 жылы 13 ақпанда бүгін сағат 4.40 кезекші бөлімге «Abu Dabi Plaza» кешеніндегі өрт туралы хабар түскен. Хабарлама түскеннен кейін 10 минут ішінде өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жетті.

Сағат 8.25 от ауыздықталды.

Подъезд жолдары болмағандықтан жалынмен арпалысу қиын соқты. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт газ баллондардың жарылуынан шыққан. Жалынның шығу себептері анықталып жатыр.

Салынып жатқан «Әбу-Даби Плаза» кешеніндегі өрттің тарауын және ғимараттағы жағдайды жоғарыдан байқап, оған баға беру үшін Еврокоптер 145 ҚР СІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды.

Жапа шеккендер жоқ.

Төрт жауынгерлік учаске құрылды, оның екеуі - бұл 40 өрт сөндіруші ғимараттың ішінде тілсіз жаумен арпалысып жатыр. Өрт сөндірушілер 150 жұмысшыны қауіпсіз жерге шығарды.

Жалынмен күреске биік ғимараттардағы өртті сөндіруге арналған биіктігі 88 метр «BRONTO SKYLIFT» техникасы тартылды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 78 өрт сөндіруші мен 27 өрт сөндіру техникасы және Астана қалалық ІІД 12 техникасы мен 24 адамы жұмылдырылды.

Өрт сөндірушілер келгенше 11 қабаттан 25 қабатқа дейін өртеніп жатты.

Оқиға орнына ІІМ басшысы генерал-полковнигі Қ.Қасымов және министрдің орынбасары В. Божко келді.