Астанадағы «Әдемі-ай» өнер салонында көрме өтті

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін «Азия» бизнес үйінде орналасқан «Әдемі-ай» өнер салонында көрме өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аталмыш көрмеде ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова болды. «Біздің комиссия әйелдерге қатысты кең ауқымды мәселелермен айналысады. Солардың ішінде әйелдер және бизнес, әйелдер бизнеспен қалай айналысады, оған қалай тартылады деген мәселелер кеңінен қаралады. Республикада соңғы жылдары бизнеспен айналысатын әйелдер саны көбейіп келеді. Мәселен, шағын бизнесте жұмыс істейтін адамдардың 50 пайыздан астамы ? әйелдер. Сондықтан бизнеспен айналысатын әйелдерді қолдау, олардың жұмысын бақылау,насихаттау, басқаларға үлгі етіп көрсету комиссиямыздың бір жұмысы болып табылады», - деді ол.Өнер салонының елордалық филиалы 2008 жылдың желтоқсан айында ҚР Тәуелсіздік күніне орай ашылған болатын. «Астана төрінен «Әдемі-ай» өнер салонын ашқан мақсатымыз ? 15 жыл бойы жинаған коллекциямызды көрсету, бір жағынан жас ұрпаққа ата-бабалармыздан келе жатқан бұйымдарды дәріптеу болып табылады. Сонымен бірге, «Әдемі-ай» компаниясының жанынан «Әдемі-ай» этнографиялық мәдени-танымдық жұрналы жарық көрді», - деп атап өтті өнер салонының директоры Баһаргүл Төлеген.
Соңғы жаңалықтар