Астанадағы Аграрлық университетте ғылыми жаңалықтарды өндіріске ендіру мақсатында «Конструкторлық бюро» ашылды

ТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде оқу орны ғалымдарының жаңалықтарын коммерцияландыру және өндіріске енгізу мақсатында «Конструкторлық бюро» ашылды.

Астанадағы Аграрлық университетте ғылыми жаңалықтарды өндіріске ендіру мақсатында «Конструкторлық бюро» ашылды

Университеттің техникалық факультетінде ашылған «Конструкторлық бюро» «Ауылшаруашылық машина жасау орталығының» құрылымдық бөлімі болып табылады. Ол 2011 жылдың 27 қаңтарында Ғылыми кеңестің «Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамының 2010 жылы атқарған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі және 2011 жылға арналған міндеттері» жөніндегі шешімдері мен «Қазақ ауылшаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен жасалған келісімді орындау мақсатында құрылды.

«Конструкторлық бюро» С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да білім беру қызметінің сапасын арттыру және ғалымдардың жаңалықтарын коммерцияландыру, өндіріске енгізу мақсатында құрылды. Бюроның құрамын анықтау, жұмысына басшылық жасау т.ғ.д., техникалық-механика кафедрасының профессоры міндетін атқарушы, факультет деканы Саяхат Нөкешевке жүктелді.