Астанадағы Аграрлық университетте қытай иероглифтеріне арналған көрме ашылды

АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде қытай иероглифтерінің тарихынан сыр шертетін көрме ашылды.

Астанадағы Аграрлық университетте қытай иероглифтеріне арналған көрме ашылды

Бұл туралы университеттің баспасөз қызметінен хабарлады.

2010 жылы университет қабырғасында Қазақ-қытай орталығы жұмыс істей бастады. Орталық жұмысы негізінде университет студенттері үшін қытай тілін үйрену курсы ашылды.

Көрменің салтанатты ашылуына университет ректоры Айтбай Бұлашевпен бірге, Қазақстандағы Қытай Елшілігінің өкілдері және Қытай Халық Республикасының Шыңжаң агротехникалық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Қытай иероглифтері адамзат тарихында адам санасынан туындаған шығармашылықтың үздік туындысы болып табылады. Қытай иероглифтері төртбұрыш пішінді, фонетикалық, пиктографиялық және семантикалық-функционалдық қызметке ие.

Көрме алты бөлімнен тұрады: иероглифтердің қалыптасуы, құрылысы, дамуы, таңбалануы, тарихи мән-мағынасы және информатика кезеңіндегі иероглифтер.