Астанадағы Аграрлық университетте «Түлек - 2012» жәрмеңкесі өтті

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Түлек - 2012» жәрмеңкесі өтті.
None
None

Университеттің ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінде өткен жәрмеңкеге жұмыс берушілер ретінде Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты 25 мекеме қатысты. Олар
7 мамандық бойынша болашақ 168 түлектің арасында таңдау жүргізді.

Факультет деканының қысқаша баяндамасынан кейін, әр жұмыс беруші өзінің мекемесі туралы ақпаратты ұсынды. Одан кейін түлектер мен жұмыс берушілер «дөңгелек үстелдер» барысында пікірлесіп, келісімшарттар жасасты.
Жәрмеңке нәтижесін шығара отырып, 168 түлектің 90-нан астамы оқуларын аяқтаған соң, жұмысқа орналасады деп сеніммен айтуға болады.

Соңғы жаңалықтар