Астанадағы Аграрлық университеттің жаңа ректоры жаңа тәртіптер орнатуда

білім беру сапасын арттыру мәселелеріне қатысты ұсыныстарымен бөлісті.
Мәжіліс барысында ректор, оқу үдерісін тексеру кезінде анықталған кемшіліктер мен тәртіп бұзушылықтарға тоқталып, оқу орнындағы білім беру қызметін жетілдіруге қатысты нақты ұсыныс-талаптарын айтты.
«А. Күрішбаев бірнеше уақыт бойы жоғары курс студенттерімен кездесіп, болашақ маман ретінде оларға жұмысқа қабылданар кезде білімі мен білігін анықтауға мүмкіндік беретін сұрақтар қою арқылы әңгіме жүргізген болатын. Сондай-ақ, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамының сабағына қатысып, білім беру талаптарының сақталуын қадағалады. Тексеріс барысында студенттердің оқу үлгерім деңгейінің төмендігі, олардың мамандыққа байланысты заңнамалық актілерді толық меңгермегендігі, ондай актілердің кітапхананың электронды базасында жоқтығы, жекелеген оқытушылардың еңбек тәртібін, білім беру талаптарын бұзғандығы анықталды», - делінген ЖОО-ның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Мәжілісте аталған мәселелерге жеке-жеке тоқталған А.Күрішбаев, бірінші проректорға университеттегі білім беру қызметінің сапасын арттыру бағытында іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. Онымен қоса, пәндер бойынша оқу әдебиеттерінің мазмұнын қайта қарауды, кітапхананың электронды базасындағы заңнамалық актілер қорын жаңартуды және толықтыруды жүктеді.
Сондай-ақ, студенттерді тәжірибеден өткізу, экономиканың әр түрлі салаларындағы ірі мемлекеттік органдар мен холдингтер басшыларының дәрістерін ұйымдастыру мәселелері көрініс табуы керектігін қадап айтты. Ал факультет декандары мен кафедра меңгерушілеріне, тіркеуші кеңсе мен персонал менеджменті бөліміне студенттер мен оқытушылардың оқу және еңбек тәртібін сақтауын үнемі қадағалап отыруды міндеттеді.