Астанадағы Ақбұлақ өзенінің түбі тереңдетіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада көшелерді, аула аумақтарын жинау, көшеттерді бағып-күтуден басқа, қала аумағындағы өзендердің жағдайы да назардан тыс қалмайды.
Осы мақсатта Ақбұлақ және Есіл өзендерін тазарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде, деп жазады astana.kz.
Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, қазіргі кезде Ақбұлақ өзенінің Абылайхан даңғылындағы бөлігі қоқыс пен балдырлардан тазартылды. Тиісті жұмыстармен «Куштай» ЖШС айналысады.
Ведомствоның мәліметінше, Ақбұлақ өзені таяз болғандықтан балдырлар су бетіне шығады. Осыған орай 2015-2016 жылдары өзеннің түбін тереңдету бойынша жоба жүзеге асырылмақ.