Астанадағы ақылы тұрақтардың орындары белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі тұрақ ақысы төленетін және автокөліктің тұрған уақытын есептейтін арнайы құрылғылармен жабдықталған 25 участок көрсетілген қаулының жобасына қол қойды, деп хабарлайды Elorda.info .
Бұған дейін биылғы жылы Астанада 9 мыңға жуық ақылы тұрақ орны салынатыны хабарланған болатын.
Ақылы тұрақ орындары екі аймақта орналасады. Біріншісі -Тұран, Сарайшық, Орынбор, Сығанақ көшелерінің қиылысы; екіншісі -Сарыарқа - Бөгенбай батыр, Республика даңғылы мен Есіл өзенінің жағалауының қиылысы.
Барлық тұрақта алғашқы 20-30 минут көлік қою ақысыз болады.