Астанадағы «Алау» мұз сарайының қысқы маусымы таяуда ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қазанда елордадағы «Алау» мұзайдыны сарайында бұқаралық коньки тебу маусымы ашылады. Қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады.

Астанадағы «Алау» мұз сарайының қысқы маусымы таяуда ашылады

Келушілерге 400 метрлік жол, хоккей мен мәнерлеп сырғанауға арналған корттар ұсынылады. Айдындардағы мұз озық технологиялар мен жоғары сапалы материалдарды қолдана отырып құйылады.

Биылғы маусымда хоккей кортында EХPO-2017 логотипі, ал жүгіру жолында - ұлттық ою-өрнек бейнеленеді.

Мұздың жалпы ауданы - 9200 шаршы метр, ол үшін 460 тонна су қажет. Бұл ретте ауа температурасы аренада +13; +16°C, ал мұз үстіндегі температура - минус 5°C құрайды.

Еске салайық, жазғы маусымда «Алау» спорт орталығына 12 710 адам келген, соның ішінде 1 500 оқушы қалалық мектептердің жанындағы лагерлерге барған балалар. Сонымен қатар, көп балалы отбасылардан шыққан 250 бала сарайда сүйікті спорт түрлерімен айналысу мүмкіндігіне ие болды.