Астанадағы «Алау» мұзайдыны сарайы жылдамдық бойынша әлемдегі 6-шы орынды иеленді

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - 26 жеке, 4 ұлттық және 3 трек рекорды - бұл демалыс күндерінде Астанадағы «Алау» мұз айдынында жалауын желбіреткен ІІІ Әлем кубогі кезеңінің қорытындылары. 
None
None

«Алау» ұзақ қашықтықтардағы рекордтарды жаңарту арқылы өзінің әлемдегі деңгейін едәуір жоғарылатып, үздік 10-дыққа енді.

Әйелдер рейтингісінде Мартина Сабликованың 5 мың метр қашықтықтағы көрсеткен өнерінен кейін стадион екі сатыға көтеріліп, 11-ші орынға тұрақтады. Мартина үшін «Алау» осымен екінші рет сәттілік сыйлады. Өткен жылы ол 3 мың метр қашықтықта бірінші келген, енді міне Кубоктың екі кезеңіндегі сәтсіздіктен кейін тағы да алтын тұғырға шықты.

Ал Йоррит Бергсма 10 мың метрлік қашықтықта әлемдік рекордқа сәл ғана жетпей қалды. Оның 12.50,40 минуттық көрсеткіші аренаны әлемдік рейтингтің 6-шы сатысына жоғарылатты. Енді оның алдында жазық сырғанақтардан тек голландтық Тиалф пен норвегтік Хамар ареналары ғана бар. Бұл екі сырғанақ алаңының да тарихы тым әріден басталады, онда тарихтағы атақты конькишілер өнер көрсеткен. Ал «Алау» болса осымен екінші рет қана әлемдік деңгейдегі жарысты өткізіп отыр. Сондықтан, оның болашағы әлі алда деген сөз.

Қазақстандық спортшылар үшін өз алаңындағы кезең сәтті өтті. Кубок орташа және алыс қашықтықтарға және топтық жарыстарға арналған болатын. Бұл жарыстарда негізгі үміт Дмитрий Бабенкоға артылды және ол үмітті ақтады. Өте алыс қашықтықта петропавлдық спортшы Қазақстанның рекордын жаңартты, көрсеткіші -  13.10,31.

Кубок аяқталған соң Қазақстан құрамасы Наганоға аттанды, онда Әлем кубогінің спринтерлік  кезеңі өтеді.

Соңғы жаңалықтар