Астанадағы «Әлем» сауда орталығы жабылуы мүмкін

АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанадағы «Әлем» сауда орталығындағы ет өнімдерінің санитарлық жағдайы нашар. Бүгін орталықтың ет бөлімінде тексеру жүргізген Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев пен Агроөнркәсіп кешенінің мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы Серік Сүлейменов осындай қорытындыға келді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл оқиға бірінші рет тіркеліп отыр. Егер орталықтағы санитарлық ахуал жөнге келтірілмей, жағдайы одан әрі нашарласа «Әлем» сауда орталығын жабамыз», деді елдің бас инспекторы С. Сүлейменов.

Оның айтуынша, санитарлық қадағалау инспекторлары сауда орындарын күн сайын қадағалап отыруы тиіс болатын. Алайда олардың қайда қарап жүргендері белгісіз. Инспекцияның көрсеткеніндей, ет тасымалдайтын арбалар жуылмайды, медициналық тексеріс тиісті деңгейінде жасалмайды және тағы осы сияқты бұзушылықтар бар.

«Тәртіп бойынша инспекторлар күн сайын тексеріс жасап, санитарлық жағдайлар жасалған кезде ғана сату жүргізуге рұқсат береді. Бүгінгі уақытқа дейін «Әлем» сауда орталығында инспекторлар ешқандай бұзушылықтарды таппаған. Дегенмен біздің тексерісіміз жағдайдың тіпті де нашар екендігін көрсетті. Сондықтан да жауапты инспекторлар жұмыстарына салғырт қарағаны үшін тиісті әкімшілік шараларға тартылатын болады», деп атап көрсетті ол.

Аталмыш тексерісті жүргізуге Ауыл шаруашылығы министрінің жеке блогына және анонимді сенім телефондарына қадағалаушы органдар тарапынан көрсетілетін қысымдар мен заңсыз ақша жинау туралы түскен арыз-шағымдар себеп болған.

Соңғы жаңалықтар