Астанадағы алғашқы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің бағалары қандай
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Оңстүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды. ҚазАқпарат тілшісі оңтүстік өңірінен келген тауарлардың бағасын көріп қайтты.
ОҚО-ның тауар өндірушілері көкөністі көптеп әкелді. Соның ішінде қызанақ пен қиярдың көлемі басым. Қызанақтың бір келісі 500 теңгеден сатылса, қияр 200-350 теңгеден сатылып жатыр. Ал қырыққабаттың бір келісі 115 теңге тұрады. Бұдан бөлек, шұжық өнімдері - 850-1400 теңге, жұмыртқа - 230-270 теңге, жылқы еті - 1500 теңге, сондай-ақ балықтың түр-түрі бар. Мәселен, сазанның сүбесін 1300 теңгеге, ал көксеркенің сүбесін 2200 теңгеге сатып алуға болады.
Айта кетейік, бүгіннен бастап Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталды. Биыл ЭКСПО - 2017 көрмесінің ашылуына байланысты жәрмеңкелер маусымы ерте ашылып, қазан айына дейін жалғасады.
Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, жәрмеңкеде сатылатын өнімдердің бағасы 15-20 пайызға арзан болады. Жәрмеңке «Қазақстан» спорт кешені жанында өтеді. Толық кестенімына жерден көруге болады.