Астанадағы алып сағат неге жұмыс істемей тұр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорданың халық арасында «Набережный» атанып кеткен ауданында, Есіл жағасында орналасқан алып сағат 4 жыл бойы жұмыс істемей тұр. Нысан 2016 жылы салынған. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі мәселенің мәнін қалалық әкімдіктен сұрап көрген еді.

«Алып сағат» дизайны - су ағыны арқылы лазерлік шоуды таратуға арналған экран ретіндегі субұрқақтың бір түрі. Оның құрылысы 2016 жылы «Су экстраваганзасы» (дизайн жобасы) іс-шарасын дайындау және өткізу үшін сатып алынды.

Субұрқақты консервациялау бөлігінде қызмет көрсету 2017-2018 жылдары жүзеге асырылды.

Әкімдіктің хабарлауынша, 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін субұрқақ энергиямен жабдықтау кабельдері мен басқа да шығын материалдарын ұрлау себебінен жұмыс істемей тұр. Аталған факті бойынша Есіл ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

Астана қаласының урбанистика орталығы жеке инвестициялар есебінен техникалық тексеру жүргізу және субұрқақты қайта іске қосу мүмкіндігін қарастыру бойынша компанияларды тарту мәселесін қарастырылып жатыр.


Соңғы жаңалықтар