Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында 11 мыңыншы нәресте дүниеге келді
АСТАНА. 19-шы қазан. ҚазАқпарат - Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында 11 мыңыншы бала дүниеге келді. Бұл туралы ҚазАқпаратқа аталмыш орталықтан хабарланды.
Бұлар - Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының қызметі жолға қойылғалы дүниеге келген нәрестелер.
Ал жыл соңына дейін орталықта тағы 3 бала дүние есігін ашады деп күтілуде.
Орталықтың Акушерлік және гинекология жөніндегі медициналық директорының орынбасары Талшын Укібасованың айтынша, соңғы туылған 11 мыңыншы нәрестелер егіз болып шықты. Егіздердің анасы жоғары артериялық қысымына байланысты Астана қаласының перинаталдық орталығынан Ана мен бала орталығына жіберілген.
500 орынға есептелген орталықта ай сайын 250-300 бала туылады. Мұнда медицина саласының ең соңғы жетістіктері негізіндегі технологиялар орнатылған. Орталық 2007 жылы іске қосылған.