Астанадағы Арбат қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Арбатты жабдықтау жұмыстары жалғасуда. Дегенмен, қазірдің өзінде қолөнер шеберлері өз өнімдерін сатуға кірісіп кеткен, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Колөнершілердің қатары Әзірбайжан Мәмбетов көшесі (бұрынғы Бөкейxан көшесі - авт.) бойымен Оқушылар сарайынан Есіл өзеніне дейінгі аралықта орналасқан. Сол жерде киіз үйлердің декорацияларын орнатып қойған. Әрбір сөреде бір-екі адам отырып, өз өнімдерін сата алады. Ал Оқушылар сарайының қапталында толық екі киіз үйді тігілген. Біреуінде мұражай болса, екіншісінде шеберлік сыныптарын өткізу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде Арбатты абаттандыру бойынша ұсақ-тиек жұмыстар атқарылып жатыр.

1 

Айта кетейік, Астанадағы Арбаттың ресми ашылуы 11 маусымда өтеді. Аталған жобаның авторы - #ХОЧУАРБАТ қозғалысының жетекшісі Арай Ордабаева.

«Астанадағы Арбаттың ресми ашылуы кешкі сағат 20:00-де болады. ЭКСПО-ның ашылуынан кейін халық сәл босап, Есіл өзеніне қарай ығысады деп ойлаймыз. Сосын Арбаттың бойымен біз түрлі-түсті шамдардан жұлдызды аспан ұйымдастырдық. Сол себепті ашылу рәсімін кешкі уақытқа жоспарлап отырмыз», - деп атап көрсетті Ордабаева ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

2 

Соңғы жаңалықтар