Астанадағы Арбатта жас жұбайлар алғашқы той фотосессиясын өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Арбатта отау құрып жатқан жас жұбайлар фотосессия өткізді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімдігі хабарлады.
«Шаңырақ көтерген жас жұбайлар ұлттық нақышта фотосуретке түсуге тілек білдіргендіктен фотосессия хан ордасының аясында ұйымдастырылды. Арбаттың жастардың көптеп келер орнына айналып келе жатқаны қуантады. Жастарға ұзақ та бақыты ғұмыр тілейміз», - деп хабарлайды әкімдіктен.
Арбат бүгінгі күні ең үздік қолданбалы өнер шеберлерінің, дарынды суретшілер мен музыканттардың басын қосып, қала тұрғындары мен меймандардың ұнамды орнына айналды. Нақты осы жерде күнделікті тегін жұмыс атқаратын тұңғыш астаналық кинотеатр мен халықтық караоке ашылған.
Арбаттың сахнасында тұрақты түрде концерттер мен шығармашылық қойылымдар көрсетіледі. Оның жанында Йога-бағы мен ушу алаң орнатылған. Ол жерде білікті нұсқаушылар күн сайын тегін сауықтыру жаттығуын өткізеді.