Астанадағы ардагерлердің басым бөлігі - төсек тартып, ауырып жатқандар - Ардагерлер кеңесі

АСТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Елордада тіркелген 470 ардагердің 100-інің ғана жүруге икемі бар. Бұл туралы бүгін Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Ұлы жеңіс: жаңаша көзқарас пен зерттеу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Астана қаласының Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Еркен Саркенов мәлім етті,

Астанадағы ардагерлердің басым бөлігі - төсек тартып, ауырып жатқандар - Ардагерлер кеңесі

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның мәліметі бойынша, бүгінде Астана қаласының Ардагерлер кеңесінде 470 Ұлы Отан соғысының ардагері тіркелген. «Олардың тек 100-і ғана өз күшімен жүріп тұрады. Қалғандары болса, төсек тартып, ауырып жатқандар», - дейді Е.Саркенов.

Кеңес төрағасының орынбасары атап көрсеткендей, бүгінде кеңесте тіркелген ең жас ардагер - 83 жаста.