Астанадағы арнаулы мекемеде нашақорларды емдейтін оңалту бөлімшесі ашылады
АСТАНА. Қарашаның 6-сы. ҚазАқпарат /Ғалымхан Хасенов/ - Астанадағы ЕЦ 166-10 түзету мекемесінің аумағында ертең, қарашаның 7-де «Атлантис- Жаңа өмір» оңалту бөлімі ашылады.
Аталмыш орталықта нашақорлар дәрі-дәрмексіз психотерапиялық әдіспен емделеді, деп хабарлады Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен.
Бұл республикамыздың пенитенциарлық жүйесіндегі екінші «Атлантис- Жаңа өмір» оңалту орталығы. Бірінші орталық БҰҰ өкілдігінің «Орталық Азия елдерінде есірткінің таралуының алдын алу» бағдарламасы мен «Түрмелерде нашақорлықтың алдын алу» жобасын жүзеге асыру аясында осыдан 1 ай бұрын Павлодардың түзету мекемелерінің бірінде ашылған болатын.