Астанадағы арнайы оқу орындарында 30 мыңнан астам адам білім алуда

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда Астанада техникалық және кәсіби білім беретін 33 тәуелсіз ұйым және 4 филиал жұмыс істейді.

Астанадағы  арнайы оқу орындарында 30 мыңнан астам адам білім алуда

Осы оқу орындарында 31 219 адам оқиды. Бұл туралы қалалық Статистика департаментінен хабарлады.

Елорданың ресми сайтының жазуынша, студенттердің 84,8%-ы күндізгі бөлімде, 0,7%-ы түнгі бөлімде және 14,5%-ы сырттай бөлімде оқиды. Білім 9 бағыт бойынша беріледі, олардың қатарында гуманитарлық, құрылыс, заң, экономикалық және медициналық мамандықтар бар.

«2012-2013 оқу жылдарының басында қаладағы техникалық және кәсіби білім беретін ұйымдарда 1441 мұғалім тартылған және 138 шебер өндірістік дәріс берген, олардың 90,5%-ы оқу орындарының штатына алынған. 408 мұғалімнің және өндірістік білім беретін 13 шебердің санаты жоғары; мұғалімдердің 93,4%-ның және өндірістік білім беретін шеберлердің 59,4%-ның білімі жоғары», - делінген хабарламада.