Астанадағы әскери шеру біздің Отанымызды кімдер және немен қорғайтынына көз жеткізді - отставкадағы полковник

ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «Менің  Қарулы Күштеріміздің қалыптасқанына көзім жетті», - деп өз ойымен бөлісті тікелей хабар аяқталған бойда, бұрынғы офицер, отставкадағы полковник, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Қабеш Бекенов.

Астанадағы әскери шеру біздің Отанымызды кімдер және немен қорғайтынына көз жеткізді - отставкадағы полковник

«Мен әрі таңғалып, әрі қуанып тұрмын. Конституция күніне арналған, елордамызда өткен алғашқы шеру маған айрықша әсер қалдырды және есімде көпке дейін сақталатын болады», - деді 40 жылдық өмірін әскери қызметке арнаған, 30 награданы, оның ішінде Ұлы Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерін кеудесіне таққан отставкадағы полковник. Ардагергеге ең басты ұнағаны - барлық әскер түрлерінің ұсынылғаны, техникалардың жаңа түрлерінің көрсетілуі болды.

«Мен біздің Отанымызды кімдердің және немен қорғайтынына көз жеткіздім», - деп атап айтты Қ.Бекенов. Отставкадағы полковник жастарға Отанға адал қызмет ету жөнінде өсиет айтты.