Астанадағы әскери шеруде әуе күштерінің 70-тен астам авиация техникасы ұшады
Авиация техникасын көшіру Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Н.Орманбетовтің басшылығымен жүзеге асырылды. Мұнда ұшу құрамы жаттығу ұшуларының элементтерін пысықтайтын болады. Кәсіби шеберлік, тәртіп пен бірлесе жұмыс істей білу мәселелеріне айрықша назар аударылады.
«Қазіргі уақытта біз жұп болып және топ құрамында ұшуды пысықтау үстіндеміз. Біздің ұшқыштар жоғары деңгейде даярланған, олар өз шеберліктерін ұдайы жетілдіріп, шыңдап отырады. Олар мемлекеттік маңызы бар міндетті үздік атқарып шығады деп санаймын», - дейді авиация генерал-майоры Н.Орманбетов. Шерулік саптың жалпы ұшу ретімен майдан, армия авиациясының және әскери-көліктік авиацияның топтары өтеді. Астанада «Қазақ елі» алаңының үстімен Қазақстан Әскери әуе күштерінің 70-тен астам авиациялық техника бірлігі ұшады деп күтілуде.