Астанадағы әскери шеруде ұшқышсыз ұшу аппараттары таныстырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы әскери шеруде ұшқышсыз ұшу аппараттары таныстырылды.
Астанада Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған мерекелік әскери шеруді механикаландырылған лек қозғалысын «Да Винчи» және «Скайларк» ұшқышсыз ұшатын аппараттары жалғастырды. Салмағы 10 киллограмнан аспайтын ұшқышсыз ұшу аппараттары 40 шақырымға дейінгі қашықтықта жердегі оператордың басқаруымен 10 шаршы шақырымнан астам аумаққа барлау жүргізе алады.
Аталмыш ұшу құрылғылары Қазақстанның Әуе қорғанысы күштерінің қабілеттілігін арттыруға бағытталған.