Астанадағы астық көлемі - 23 056 тонна
АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Биыл 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Астана қаласындағы астық нарығына қатысушылардың қолында 23056 тонна астық болды.
Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Статистика департаментінен хабарлады.
«Азық-түлікке жіберілген негізгі дәнді дақылдар - бидай (азық-түлікке жіберілетін жалпы астық көлемінен 99,0%), арпа (0,7%) және жүгері (0,3%) . Азық-түлікке жіберілетін дәндердің көбі (71,4%) қаладағы элеваторларда жиналған. Жергілікті ұн комбинаттарында қайта өнделетін 6350 тонна бидай, 166 тонна арпа және 70 тонна жүгері бар», - делінген ақпаратта.