Астанадағы ауа райы өзгергенімен, ЕҚЫҰ Саммиті делегациялары ұшақтарының ұшу кестелерінде өзгерістер жоқ

АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астанадағы ауа райы өзгергенімен, ЕҚЫҰ Саммиті делегациялары ұшақтарының ұшу кестелерінде өзгерістер жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшілеріне Астана әуежайынан мәлім етті.

Астанадағы ауа райы өзгергенімен, ЕҚЫҰ Саммиті делегациялары ұшақтарының ұшу кестелерінде өзгерістер жоқ

«Ауа-райы жағдайларына байланысты шектеулер болуы ықтимал еді. Бірақ әзірге ЕҚЫҰ Саммитіне қатысушы делегациялардың ұшақтарының ұшу кестелерінде өзгерістер жоқ, яғни ұшақтардың ұшуы бойныша іркілістер жоспарланып отырған жоқ», - деп нақтылады Астана әуежайынан.

Айта кетейік, «Қазгидрометтің» болжауынша, 2 желтоқсан күні Астанада екпіні 17-22 метр/секундқа жететін қатты жел тұрады, ол батыстан, кейіннен солтүстік-батыс бағытынан соғады, бұрқасын болады. Ауа температурасы түнде және күндіз 10-12 градус аязға дейін төмендейді.