АСТАНАДАҒЫ ӘУЕ ПАРАДЫ: Әскери ұшқыштар асқан шеберлік үлгісін көрсетті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана аспанында әуе парады басталды. Парадтың ең қызған шағында әскери-көліктік және армия авиациясының Су-25, Су-27, Су-30, МиГ-29, МиГ-31, МиГ-27, Ан-26, Ан-72, Ту-134, Ту-154, С-295 ұшақтары, сондай-ақ Ми-8, Ми-17, Ми-171, Ми-26, К-32 және ЕС-145 (Еурокоптер) тікұшақтары қатысты.

АСТАНАДАҒЫ ӘУЕ ПАРАДЫ: Әскери ұшқыштар асқан шеберлік үлгісін көрсетті (ФОТО)

Ерекше атап өтерлігі, парадқа ҚР Қарулы күштерінің тарихында алғаш рет қазақстандық Әскери-әуе күштерінің сапын толықтырған 4++ буынына жататын жаңа жоғары маневрлі Су-30СМ жойғыш ұшағы қатысты.

Әскери ұшқыштар ерекше қиын әуе қимылдарын жекелей және топпен бірге көрсету арқылы асқан шеберліктерін паш етті.