Астанадағы Әуезов көшесінде екі жақты жол қозғалысы енгізіледі

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Ақпанның 21-інен бастап елордадағы Әуезов көшесінде екі жақты жол қозғалысы енгізіледі.

Астанадағы Әуезов көшесінде екі жақты жол қозғалысы енгізіледі
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Айдар Совет мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Республика даңғылы мен Бараев көшелерінің қиылысында пайдалануға берілген жолайырық қаланың оңтүстік бөлігінен солтүстігіне қарай бағытталған көліктердің ағынын көбейтті. Республика, Бейбітшілік, Абай даңғылдарында және Кенесары, Иманов, Сейфуллин көшелерінде көлік кептелегінің ұлғаюы, көлік қатынасының қиындауына әкеліп соқты. Сол себепті Әуезов көшесін Республика даңғылынан бастап, Бөгенбай даңғылына дейін бір жақты жол қозғалысынан екі жақты жол қозғалысына көшіруді шештік», деді А.Совет.Бұдан басқа, Республика мен Иманов атындағы көшелердің қиылысындағы бағдаршамдардың режимі өзгертілмек. Сонымен бірге енгізілетін өзгерістер Республика даңғылы ? Кенесары көшесі және Республика ? Абай көшелерінің қиылысындағы бағдаршам объектілерінің жұмыс режимі түзетіледі. «Бұл ? Республика даңғылымен тура бағытпен солтүстік жаққа жүріп өту қабілеттілігі артады, көлік ағынының кедергісіз өтуіне және көлік кептелегінің азаюына әкеледі», деп атап көрсетті Жол полициясы бастығының орынбасары.