Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанадағы аукционда 18 нысан сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық әкімдікте өнеркәсіптік-азаматтық нысандарды жобалау және салу, уақытша нысандарды орналастыру үшін жер учаскелерінің жалдау құқықтарын сату бойынша аукцион өтті.

Астанадағы аукционда 18 нысан сатылды

Астана қаласы Мемлекеттік сатып алулар басқармасының хабарлауынша, аукционға шығарылған 21 жер учаскесінің 18-і сатылды, жалпы қатысуға114 өтініш қабылданды. Кешегі аукционда сатылмаған 3 жер учаскесі келесі аукционға қалдырылды.

Аукцион ағылшын әдісі бойынша өтті, сатып алынатын заттың бастапқы бағасы алдын ала хабарланған қадаммен көтеріліп, ең жоғары баға ұсынған бір қатысушы қалғанша жалғасады.

Жалпы саудаға 120 жер учаскесі шығарылады, деп хабарлайды astana.kz.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (7172) 55-01-70, 55-01-71.