Астанадағы автобус парктері тексеруден өткізіледі

Астана ІІД Әкімшілік полиция хабарлауынша, қала аумағында жолаушыларды тасымалдау саласында жұмыс істейтін 8 мекеменің құрамында 700 қоғамдық көлік пен 13 ресми таксопарк бар. «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қоғамдық көліктер мен такси жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтамауының алдын алу мақсатында рейдтік шаралар жүргізіледі. Астана қаласының көлікті қадағалау инспекциясы өкілдерімен бірлесе отырып полиция қызметкерлері барлық автобус парктерінде автобустардың жолға шығар алдындағы техникалық жағадайын тексереді, сонымен қатар жүргізушілердің тіркеу құжаттарының болуын, автобустардың нормативтік талаптары мен стандарттарын, жүргізушілердің және автобустардың медициналық және техникалық қамтылуын, жүргізушілердің еңбек және демалыс уақытын қадағалау бойынша шаралар өткізеді.