Астанадағы аялдамаға қойылған кітап сөресі ұрланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы жабық аялдамалардың біріне қойылған кітап сөресі қолды болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанадағы аялдамаға қойылған кітап сөресі ұрланды

Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жөргенбаева Фейсбуктегі парақшасында жазды.

Ұрлық болған аялдама суретінің астына «Достар! Өкінішке орай, аялдамадан кітап сөресі ұрланды. Өте өкінішті», - деп жазба қалдырған.