Астанадағы «Азия жаңғырығы» фестиваліне 8 елдің цирк өнерінің үздіктері қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана күніне орай өтетін биылғы «Азия жаңғырығы» халықаралық фестивалінің қатысушылары 1-8 шілде аралығында Астаналық циркте көрермендерді өнерлерімен тәнті етпек.

Астанадағы «Азия жаңғырығы» фестиваліне 8 елдің цирк өнерінің үздіктері қатысады

Осы айтулы жыл сайынғы шараға орай бүгін өткен баспасөз мәслихаты барысында Астаналық цирк манежінде Астана тұрғындары мен қонақтарына Қазақстан, Қытай, Вьетнам, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Якутия және Украина әртістері өнер көрсетететіні айтылды. Олардың көбі - бүкіләлемдік фестиваль жеңімпаздары мен лауреаттары, өз жанрларының хас шеберлері, цирк әулетінің ұрпақтары. Ұйымдастырушылардың сөзінше, цирк қойылымдары фестивалі әдеттегідей қызықты да әсерлі болмақшы. Атап айтқанда, фестиваль бағдарламасында асқан шебер жонглерлер, әуе гимнастшылары мен акробаттар, көңілді сайқымазақтар өнерлерін ортаға салады, сондай-ақ үйретілген түрлі жануарларды тамашалауға болады. Мұнымен қоса, бүгін кешқұрым «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалі аясында қатысушылардың үрмелі оркестр сүйемелдеуімен елорда көшелеріндегі «Кавалькада» мерекелік шеруі ұйымдастырылады.