Астанадағы балалар үйінде қайырымдылық шарасы өткізілді

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы балалар үйінде белгілі әртіс, режиссер, продюсер Кәрім Мұтұрғановтың қатысуымен қайырымдылық шарасы болып өтті.
None
None

Бұл Астана қаласының 15 жылдығына арналып отыр.

Шарада ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Мутурганчиктер» тобының көркемдік жетекшісі К. Мұтұрғанов балаларға иллюзиялық шоудан көріністер көрсетті. Сондай-ақ, белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Айта кету керек, қайырымдылық шарасы 18-21 ақпан аралығында Астана қаласының жастар саясатын қолдау Мемлекеттік қоры ұйымдастырып отырған «Армандар орындалады» акциясы аясында өткізілді.

Соңғы жаңалықтар