Астанадағы балалар үйінен өрт шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы №1 балалар үйінен өрт шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астанадағы балалар үйінен өрт шықты

«Иә, растаймыз. Жедел құтқару қызметі оқиға орнына кетті. Алдын ала ақпарат бойынша, балалар үйінің 3-қабатындағы қойма жанып жатыр», - деді ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Балалар үйі Сейфуллин көшесінде орналасқан.