Астанадағы барак үйлердің бірінде болған өртте екі бес жасар бала зардап шекті, оның біреуі қаза тапты

АНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Астанада Өндіріс тұрғынжайындағы барак үйлердің бірінде өрт болып, 5 жасар екі егіз бала зардап шекті, оның біреуі қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Астанадағы барак үйлердің бірінде болған өртте екі бес жасар бала зардап шекті, оның біреуі қаза тапты

Оқиға сенбі күні сағат 13.43-те барак типтес үйде орын алды. Өрт 210 шаршы метр жерді алды. Оның тек екі сағаттан кейін ғана ауыздықтауға мүмкін болды. Түрлі дене жарақаттарымен 2005 жылғы екі егіз бала ауруханаға жеткізілді, оның бірі есін жимастан қайтыс болды.