Астанадағы «Барыс» спорт кешені маңында коньки тебуге тыйым салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада құтқарушылар «Барыс» спорт кешенінің маңында коньки тебуге тыйым салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Барыс» спорт кешенінің маңында коньки тебуге тыйым салды.
«Ауа райының күрт өзгеруіне, мұздың еруіне байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына Алматы ауданы Ақбұлақ өзенінің «Барыс» спорт кешенінің бойындағы («Қазақстан» спорт кешенінің жанында) су айдындарында коньки тебуге тыйым салынатынын ескертеді. Азаматтардан төтенше оқиғаларды болдырмау мақсатында ескертулерді тыңдауды сұраймыз. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыз!» - делінген хабарламада.