Астанадағы басты көшелердің бірі кеңейтіледі - И.Тасмағамбетов

ТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Астанадағы басты көшелердің бірі кеңейтіледі, деп хабарлаған өз блогында қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов Ғаламтор пайдаланушының сұрағына жауап бере келе.

Астанадағы басты көшелердің бірі кеңейтіледі - И.Тасмағамбетов

«Астана қаласының Бас жоспарына сәйкес, Кенесары көшесін кеңейту көзделіп отыр. Уәлиханов көшесінен Абылайхан даңғылына дейінгі участокта бұл мақсат жеңіл көліктер қозғалысына арналған жол салу арқылы, ал Уәлиханов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейінгі участокта жол желектерінің санын алтыға дейін арттыру арқылы жүзеге асырылады», - деп атап өткен И.Тасмағамбетов.