Астанадағы бірқатар алаңдарда мерекелік шаралар өтуде (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы бірқатар алаңдарда Конституция күніне орай мерекелік шаралар өтіп жатыр.
None
None

Атап айтқанда, мерекелік концерттер эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Бәйтерек» монументі алаңында, Студенттік саябақта және Орталық алаңда ұйымдастырылды. Сонымен қатар мерекелік концерттің қонақтары үшін патриоттық және халық әндері, музыкалық аспаптарда ойнау секілді әр түрлі шығармашылық нөмірлер ұсынылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары Заттыбек Көпбосынов, Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров, Ардақ Балажанова, «Жігіттер» тобы және өзге де көптеген танымал әртістердің қатысуымен өтетін қызықты концерттік бағдарламаны тамашалауда. Сонымен қатар, Мемлекеттік академиялық филармония әртістері мен «Терра» би театрының әртістері де өз шығармашылығын көпшілік назарына ұсынатын болады.

Соңғы жаңалықтар