Астанадағы бокс кеші: Димаш Ниязов өз қарсыласымен төбелесіп қала жаздады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен салмақ өлшеу рәсімі кезінде  қазақстандық боксшы Димаш Ниязов (11-0-3, 5КО) өзінің ертеңгі қарсыласымен ұстасып қалды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанадағы бокс кеші: Димаш Ниязов өз қарсыласымен төбелесіп қала жаздады

Салмақ өлшегеннен кейін екі боксшы көз арбасты. Осы кезде бразилиялық боксшы Экуардо Перера (22-4-0, 18 КО) оны итеріп, ілігісе кетті. Бірақ Димаш өзінің сыпайы мінезінен айныған жоқ.

Айта кеткен жөн, ол да Бразилияның тумасы - Исмаел Буеномен (15-6-0, 10 КО) жұдырықтасады.

Айта кетейік, бүгін Астанадағы "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығында Қанат Ислам (24-0, 19КО) мен оның ертеңгі қарсыласы - канадалық Брэндон Кук (18-0, 11КО) салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Таразыға осы жекпе-жектің андеркартында өнер көрсететін басқа боксшылар да өлшенді.