Астанадағы бос орындар жәрмеңкесіне қазақстандық ірі компаниялар қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қазанда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Болашақ» қауымдастығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қолдауымен «Болашақ: іс-әрекет әлеуеті» тақырыптық бос орындар жәрмеңкесін өткізеді.

Астанадағы бос орындар жәрмеңкесіне қазақстандық ірі компаниялар қатысады

Жәрмеңкеге 40-тан астам жұмыс беруші қатысады. Оның ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Кселл» АҚ, «Air Astana» АҚ, «Қазақстан даму банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Жинақ банкі» АҚ ЕБ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Хабар» агенттігі» АҚ, «Қазконтент» АҚ, «Назарбаев Университет» ДББҰ, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, BI Group, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Ауыл шрауашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, KPMG, Ernst&Young, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ және тағы басқалары бар.

Жәрмеңке барысында «Болашақ» қауымдастығының Мансап орталығының тұсаукесері жоспарланған, ол жас мамандарға, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне мансаптық дамуы мен өсуіне көмек беруге арналған.

Әлеуетті жұмыс берушілермен кездесуден басқа жәрмеңкеге қатысушылар панельдік пікірталасқа қатысады, мұнда қаржы, мұнай секторындағы, инновациялар мен технологиялар саласындағы және т.б. басым бағыттарды дамыту мәселелері талқыланады. Спикер ретінде «Бәйтерек» ҰБК» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басшылығы қатарындағы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелеріндегі «Болашақ» бағдарламасының түлектері қатысады.