Астанадағы «бүкір» көпір қайта жабылды

АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - Астанада Бөгенбай батыр даңғылы бойында орналасқан, ел аузында «бүкір» аталып кеткен көпірдің үстімен қозғалыс тоқтатылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол айырықтың жабылу себебін Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Рашид Аманжолов түсіндіріп берді. Оның айтуынша, кеше, сәуірдің 7-сі күні жартылай тіркемесі бар «Renaulte» автокөлігі биіктігі 5,6 метр болатын ДЭК-251 кранын көпірдің астымен алып өтпек болып, оның бетонды құрылымын бұзып кеткен. Жүргізуші кранның биіктігі рұқсат етілген нормадан асып кеткенін ескермеген. Онымен қоса, көлік иесі оқиға орнынан дереу ізін жасырған.

Жол полициясы басқармасының мәліметтеріне сәйкес, жол апаты туралы хабарлама «Анар» кезек бөліміне сағат 22.41-де келіп түскен. Оқиға орнына Астана қаласы әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбеков басқарған арнайы комиссия дереу жетіп, көпір құрылысын жүргізген «Джейлан Лимитед» ЖШС-ның өкілдері шақырылды.

Шұғыл іздестіру шараларының барысында көлік иесі ұсталды.

Соңғы жаңалықтар