Астанадағы дәмханалардың біріне жарылғыш заттың қойылғандығы туралы хабар расталмады
АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат - Астана қаласының Ішкі істер департаментіне елордадағы дәмханалардың біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар келіп түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Министрліктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, желтоқсанның өткен 13-і күні сағат түнгі 02.10-да Сарыарқа ауданы Әуезов көшесінде орналасқан «Тянь-Шань» дәмханасына жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар келіп түскен.
Жүргізілген арнайы іс-шаралардың нәтижесінде жарылғыш зат табылған жоқ.