Астанадағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Апта ішінде елордада ауа райы жауын-шашынсыз болды. Алдағы күндері де қар жаумайды. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Астанада демалыс күндері көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -8-6°C, күндіз +2;0°C шамасында болуы ықтимал.
Сенбі күні елордада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -6;-8°C, күндіз 0;+2°C шамасында болады.
«Жексенбі күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел тұрады. Түнде ауа температурасы -6;-8°C, күндіз 0 градус шамасында»,- деп болжайды синоптиктер.