Астанадағы Дэвис Кубогы: төрешілер анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дэвис Кубогының 8/1 финалының матчтарында қызмет ететін төрешілер бригадасы анықталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM».
«Алдағы ойындарда өзбекстандық Андрей Корнилов рефери, Луиза Энгсель (Швеция) пен Кристиан Раск (Дания) төреші болады», - делінген хабарламада.
Қазақстан мен Швейцария арасындағы Дэвис Кубогы әлемдік тобының 1/8 финалы 2-4 ақпан күндері Астанадағы Ұлттық теннис орталығында өтеді.