Астанадағы дөнер дүңгіршегінде болған өрт түсірілген видеоны куәгерлер жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Абылай хан даңғылындағы «Встреча» сауда үйі маңайында дөнер дүңгіршегі өртке оранған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Астанадағы дөнер дүңгіршегінде болған өрт түсірілген видеоны куәгерлер жіберді

«Дөнер дүңгіршегіндегі газ баллоны жарылған.Алдын ала деректерге сүйенсек, қаза тапқандар жоқ. Зардап шегушілердің бар-жоғы анықталуда.  Өрт сөндірілгені жайлы ақпарат әзірге түспеді», - деп хабарлайды Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің басшысы Аягөз Фазылова.