Астанадағы дрон шоуы: мерекелік қойылымды 25 мыңнан астам адам тамашалады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың 25 жылдығына орай елорда тұрғындары мен қонақтары үшін бірегей және теңдесі жоқ дрон шоуы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қазақ елі» алаңында өткен дрон шоуы елорда аспанының сәнін келтірді.

«Метрополитен аспанындағы дрондар түрлі-түсті нысандарды бейнелеп, түнгі аспанды жарықтандырды. Сондай-ақ дрондар иллюминатор арқылы елорданың әсем ғимараттарын көрсетті. Бұл мерекелік қойылым маған қатты ұнады», - деп өз әсерімен бөлісті қала тұрғыны Абай Қадыр.

Дрондар түнгі аспанда астананың көрнекті нысандарын көрсетті. Мерекелік бағдарламаға 500 дрон қатысты.

Дрон шоуы демеушілердің қаражатын жасалды. «Қазақ елі» монументіндегі «Open Air» мерекелік концерті мен дрон шоуына 25 мыңнан астам адам қатысты.


Соңғы жаңалықтар