Астанадағы «Эдем Палас» ТК лифтілерінің «құлауына» қатысты түсінік берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі елордадағы «Эдем Палас-1» және «Эдем Палас-2» түрғын үй кешендерінде лифттердің құлауы оқиғаларына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Құлаған жоқ, аталған оқиға адамдардың лифтте қалып қоюымен сипатталады. «Эдем Паласта» лифттердің істен шығуы себебін тиісті сараптама анықтайды»,-деп атап өтілген басқарма жауабында.

Мемлекеттік мекеме мәліметінше, лифттердің құлауы фактілері биыл және 2016 жылы тіркелмеді.

Сонымен қатар Тұрғын үй инспекциясы басқармасы лифттерге қызмет көрсету саласында бар проблемаларды атады. Оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамада орын алып тұрған қайшылық салдарынан лифтілік ұйымдар жұмысына мемлекеттік қадағалаудың жоқтығы атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, биылдың сәуірінде  «Эдем Палас-1» және «Эдем Палас-2» тұрғындары екі рет лифтінің тұтқыны болды. 13 сәуірде «Эдем Палас-2»  кешенінде жеделсатыда сегіз адам қамалып қалған еді. Лифт алтыншы қабаттан бірінші қабатқа дейін қалыпты түсіп, кейін бірінші қабаттан жертөлеге қарай құлдилаған. Ал 21 сәуірде «Эдем Палас-1»  тұрғын үйінде 17-қабаттан бір қыз мінгент лифт төмен қарай зулай жөнелген. Қосалқы арқанның ұстап қалуынан, ол 8 бен 9-қабаттардың арасында тоқтаған. 

Соңғы жаңалықтар